Алматы тауларында төрт адамға көмек көрсетілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Медеу" бағытына қарай №166 соқпақта 18-23 жас аралығындағы төрт адам таудан түсіп келе жатып, аюдың ақырғанына ұқсас дыбыстар естіген. Қорыққан олар өздігінен төмен түсуге жүрексініп, құтқарушылардан көмек сұраған.
Оқиға орнына Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары мен полиция қызметкерлері барған. Құтқарушылар жастармен кездесіп, оларды "Медеу" аумағына дейін алып түскен.
"Туристерге медициналық көмек қажет болмады", - деді ТЖМ өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!