Алматы тауларында 4 мың метрден астам биіктікте үш қыз адасып қалды

Алматы тауларында 4 мың метрден астам биіктікте үш қыз адасып қалды
Фото: Видео кадры

Алматы тауларындағы Сәтбаев шыңынан өздігінен түсе алмай қалған үш қызға құтқарушылар көмек көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, туристер Сәтбаев шыңынан түсіп келе жатқанда, 4317 метр биіктікте қараңғы түсіп, жолдан адасып қалған. Олар әрі қарай өздігінен қозғала алмаған.

Қыздардың орналасқан жері туралы ақпарат құтқарушыларға жеткізілген. Геолокация деректерінің көмегімен мамандар олардың нақты координаттарын жедел анықтап, іздеуге шыққан.

"Құтқарушылар туристерді тауып, қауіпсіз бағытпен "Эдельвейс" туристік базасының шлагбаумына дейін алып келді", – деп хабарлады ТЖМ.

Абырой болғанда, қыздар зардап шекпеген. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget