Алматы тауларынан қару-жарақ табылды

Алматы тауларынан иесіз қару табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, Медеу ауданындағы саяжай алқабынан қару-жарақ табылған. Оқиға орнына аудандық полиция басқармасы мен полиция бөлімінің жедел тергеу тобы жеткен.

"Тексеріс барысында полицейлер ИЖ маркалы тегіс ұңғылы мылтық, тапаншаға ұқсас зат және 16 калибрлі алты оқ-дәріні тәркіледі", - деп жазылған хабарламада.

Қазір тәркіленген заттар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілген. Мамандар қару қайдан шыққанын, кімге тиесілі екенін және қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!