- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- төтенше жағдай
Алматы-Ташкент тасжолында жеңіл көліктер тиелген жүк көлігі өртеніп кетті
Жамбыл облысындағы тасжолда жеңіл көліктерді тасымалдайтын жүк көлігі өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент тасжолының 531-ші шақырымында болған. 8 көлік тиелген жүк көлігінің артқы дөңгелектері өртенген. Өртті Төтенше жағдайлар министрлігі тез арада сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
"Зақымдалған көліктің жүргізушісі құтқарушылар келгенше тиелген үш көлікті өрттен құтқарып үлгерді", - деп хабарлады ТЖМ.
Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысындағы Шымкент-Самара тасжолында жеңіл көліктері бар көлік аударылған болатын. Оқиға 5 желтоқсан күні таңғы сағат 06:30 шамасында Махамбет ауылының маңында болған. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Литпин