Алматы - Тараз тасжолында қозғалыс уақытша шектеледі

Алматы - Тараз тасжолында қозғалыс уақытша шектеледі
Фото: depositphotos.com

7 тамыздан бастап Жамбыл облысындағы Алматы - Тараз (Жаңа Қордай асуы) тасжолында қозғалыс уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы мәліметінше, Алматы - Тараз (Жаңа Қордай асуы) тасжолының 159-238 шақырымы аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Осыған байланысты 7 тамыздан бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Тараз қаласы бағытына қарай көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі", - деп жазылған хабарламада.

Жөндеу жұмыстары кезінде Алматы қаласынан Тараз қаласына бағыт алған көліктердің қозғалысы Отар - Қордай - Қайнар (Ескі Қордай асуы) тасжолы арқылы ұйымдастырылады.

Сурет: "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget