Алматы мемлекеттік табиғи қорығының аумағына орнатылған фототұзақ таутеке лақтарының қызықты сәтін түсіріп алды, деп хабарлайды Massaget.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Бейнежазбада екі лақтың мүйіз тірестіріп, өзара күш сынасып жатқаны көрінеді.
Бір қарағанда олардың әрекеті нағыз тартысқа ұқсауы мүмкін. Алайда мамандардың айтуынша, мұндай ойын – жас таутекелерге тән табиғи мінез-құлықтың бір бөлігі.
Осындай "жаттығулар" арқылы жануарлар ептілігін дамытып, күшін сынайды және табиғаттағы болашақ тіршілігіне бейімделеді.
Massaget.kzПосмотреть эту публикацию в Instagram