• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

“Алматы Су“ коммуналдық кәсіпорнының лауазымды өкілінің жазасы өзгерді

Фото: Видео кадры

"Алматы Су" коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментінің директоры сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл 9 қаңтарда Алматы қаласының Бостандық аудандық соты "Алматы Су" коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментінің директоры М.Жолдыбаевқа үкім жариялады.

"Ол орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қоямын және қаланың кәріз жүйелерін күрделі жөндеу, сумен жабдықтау жөніндегі жұмыстарға мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын аударамын деген сылтаумен кәсіпкерден 75 млн теңге алуға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды", - деп жазылған хабарламада.

Жолдыбаевқа 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығына байланысты қызметпен айналысуға тыйым салына отырып, шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Бірақ прокуратураның наразылығы бойынша Алматы қалалық сотының сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгерді. Жолдыбаевқа 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығына байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сот залында сотталған адам қамауға алынды.

Үкім заңды күшіне енді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget