Алматыда халықаралық әуе рейсінің жолаушысы тәртіп бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы – Сочи бағытындағы әуе рейсінің 29 жастағы жолаушысын анықтап, ұстады. Әйел кісі әуе рейсіне отыратын кезде мас болып, әуекомпания қызметкерлеріне балағат сөздер айтып, ескертулерге құлақ аспаған.
Ол сондай-ақ полиция бөлмесіне жеткізу кезінде тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбаған.
Көлік полицейлері әкімшілік хаттама толтырып, материалды сотқа жолдады.
Ол бұған дейін бір жыл ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!