Алматының сейсмикалық станция қызметкерлері тәулігіне төрт жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Оның барлығы 17-18 маусым аралығында бірнеше сағат айырмашылығымен болды.
2023 жылғы 17 маусымда Алматы уақытымен сағат 22:14-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 809 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.2. MPV магнитудасы - 4.9.
Келесі жер сілкінісі Алматы уақытымен сағат 23:08-де тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 829 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.3. MPV магнитудасы - 4.3.
2023 жылғы 18 маусымда Алматы уақыты бойынша түнгі сағат 02:46-да тағы бір жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 787 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.7.
MPV магнитудасы - 4.4.
Сондай-ақ, кезекті жер сілкінісі бүгін 2023 жылғы 18 маусымда Алматы уақыты бойынша 08:58-де болды.
"ҚР ТЖМ" SOME ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2023 жылғы 18 маусымда Алматы уақытымен 08:58-де (2023 жылғы 28 мамырда Гринвич бойынша 02:58-де) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 839 шақырым жерде Кашмир мен Қытай шекарасында орналасқан", - делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.1. MPV магнитудасы - 4.5. Тереңдігі - 70 шақырым.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!