- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы саяси қуғын-сүргін...
Алматы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
Алматы орталығындағы Қарғалы саябағында қала әкімі Бауыржан Байбек қоғам қайраткерлерімен бірге қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл қойды. Шараға қатысқандардың арасында ақын Мұхтар Шаханов, депутат Рахман Алшанов, қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан, сонымен қатар қуғын-сүргін жылдары қаза тапқандардың туыстары болды.
"Қуғын-сүргін жылдары еліміздегі қайраткерлер, зиялылар жазықсыз жаланың құрбаны болды. Зерттеушілердің мәліметі бойынша, 1921-1954 жылдары аралығында елімізде 25 мыңнан аса адам атылған. Қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары "халық жауының" баласы деген ауыр атақты арқалап жүрді. Бұл жылдары Қазақстан халқының 48 пайызын жоғалтты. Сонымен қатар бұл оқиғалар еліміздің демографиялық өсуіне, жаңғыруына орны толмас зор нұқсан келтірді", − деді Байбек.
Қала басшысы уақытында Қарағалы саябағында 1931-1933 жылдардағы Ашаршылық құрбандарына арналып белгітастың орнатылғанын айтты. Ол ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Қазақстан Президентінің осы белгітастың орнына ескерткіш орнатуға тапсырма бергенін айтты. Бауыржан Байбектің айтуынша, осы тапсырманы орындау мақсатында жақын күндері үздік сызбаларға байқау жарияланады.
Сонымен қатар қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналардың бұл жерде өткізілуі кездейсоқтық емес екенін айтты. "Өздеріңіз білесіздер, осы маңға жақын жерде Халықтық Ішкі істер комиссариатының ғимараты орналасқан. Ол жерде көптеген зиялылар тұтқында болды. Оларға арналған белгітас та дәл осы жерде болуы тиіс. Біздің келесі міндетіміз - қаладан Мирзоян атындағы көшені жою. Себебі, ол білімі бар мыңдаған қазақты осы жерде атып тастады. Ол Сталлиннен ататын адамдардың санын тағы 3 мыңға көбейтуге рұқсат сұрады. Ол мұнда білімді қазақтардың тым көп екенін айтып шағымданды", - деді ол.
Ұлы Отан соғысының 90 жастағы ардагері Әбділдә Мұхаметжан болса қуғын-сүргін жылдары өз әкесінен айырылғанын айтты. "Менің әкем, атам және атамның туған інісі 1916 жылы Ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан. Атамның бірнеше інісі мен өзін Боралдай маңында дарға асып, қалғандарын түрмеге жапқан. 1937 жылы 26 желтоқсан күні үйге форма киген үш адамның келгені әлі есімде. Мен қонақ бөлмедегі шудан оянып кеттім. Олардың беттері тым қатал болды. Сол түні қатты қорықтым. Олар менің әкемді балап,өздерімен бірге алып кетті. Оның бетінен сүюге де мүмкіндік берген жоқ. Әкемді осылай жоғалттым", - деді жақында ғана көру қабілетінен айырылған ақсақал.
Айта кетейік, қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориал осы Боралдай маңындағы "Канды сайда" орнатылған. Сол кезде атылған азаматтардың мәйіті қазіргі Наурызбай батыр көшесінің бойындағы Халықтық Ішкі істер комиссариатының жертөлесіне тасталған екен. Қанға боялған қаптар тұрғндарды шошытып алмау үшін таңғы уақытта тасталып отырыпты.
Расталмаған мәлімет бойынша, "Қанды сайда" 1937-1938 жылдары құрбан болғандар жерленген. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, сол жылдары алғашқы атылғандарды мұнда 1937 жылы жас жүргізуші кеңестік автозактардың бірімен әкелген. Ол 19 адамды қапқа салып апарыпты.
Жүргізуші бұл құпияны ұзақ жылдар бойы құпия сақтайды. Кейін ол өз ұлын осы жерге әкеліп, сол түні болған жағдайды айтып берген. Бірнеше уақыт өткеннен кейін Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Ұзақбай Құлымбетов, Сәкен Сейфуллин және сол кездегі басқа да танымал адамдар туралы "Олар 19 еді" атты материал шықты.
Дереккөз: tengrinews.kz