Алматы облысындағы Кемертоған ауылы қала іргесінде тұрса да өркениеттен мақұрым қалған. Алматының дәл түбіндегі Кемертоған ауылының халқы су мен жарыққа, қала берді не жөні түзу жолға жарымай отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Мәселені шешуге облыстың да, аудан-ауыл әкімдігінің де құлықсыз екенін депутат Данияр Қасқарауов Мәжілісте көтерді.
Аймақтың мәселелерін жіпке тізген ол әсіресе Кемертоған ауылының мүшкіл жайына алаңдаулы. Мәжілісмен жер сатып алып, үй соғып, соңында қосымша электр қуаты үшін 500 мың теңгеге дейін шығындалған халық ашулы дейді. Жерді қойып, ортақ көшелерді де жекешелендіріп алған ауыл тұрғындары бүгінде өзара қырықпышақ болып, үйлеріне кіре алмай жүр.
"Кемертоғандағы көшелердің тозығы жеткен, жол мүлдем жоқ деп айтса болады. Кейбір көшелер жекеменшіктің қолында. Мәселен Жасқыран, Шапағат көшелеріндегі тұрғындар өз үйлеріне көше арқылы кіріп шыға алмайды. Себебі көше түсуі тиіс телімдер жекенің қолында", - дейді Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!