Алматы облысы Гүлдала ауылында газ жарылысынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұны Алматыдағы көпсалалы клиникалық аурухана растады. 32 жастағы ер адам бүгін таңертең қайтыс болған. Тұрғын үйдегі газ жарылысының салдарынан денесінің 95 пайызы күйіп алған.
"Ауыр жарақаттың салдарынан 1991 жылы туған науқас есін жимай қайтыс болды, ол 3-4-дәрежелі күйік алған", - деп хабарлады аурухана.
Сонымен қатар тағы бір жарақат алған әйел жансақтау бөлімінде жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!