Алматы полициясы прокуратураның "Есірткі бизнесімен күрес" жобасы аясында есірткі зертханасын жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Есірткі зертханасын 27 жастағы О.есімді азамат иемденіп, жүргізіп отырған.
"Күдікті біздің назарымызға біраз уақыт бұрын ілікті. Ол синтетикалық есірткіні белсенді қолданушы ғана емес, оның тұрақты таратушысы екені де белгілі болды. Мақсатты жедел және арнайы шаралар күдіктінің қылмыстық әрекетінің басқа бағытын анықтауға мүмкіндік берді. Ол "синтетика" өндіруші болып шықты. Ер адам өндірісті Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылындағы үйлердің бірінде ұйымдастырған. Бір сөзбен айтқанда, әмбебап есірткі сатушыны әшкереледік", – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!