Желіде Алматы полиция департаментінің экс-басшысы Қанат Таймерденовтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі бұған қатысты түсінік берді.
"Алматы полиция департаментінің экс-басшысы Таймерденовтің ұсталғаны туралы түрлі Tелеграм-каналдарда тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - делінген хабарламада.
Бас прокуратура көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертті.
"Барлық азамат пен БАҚ өкілдерін ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", - деп хабарлады ведомство.
Айта кетейік, Қанат Таймерденов Алматы полициясын 2020 жылғы қаңтардан 2022 жылғы маусымға дейін басқарды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!