Алматы полициясындағы былық: бұрынғы тергеуші сотталды

Алматыда полицияның бұрынғы тергеушісі қылмысты жасырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Арнайы прокурорлар Наурызбай ауданы полиция басқармасының бұрынғы тергеушісіне қатысты соталды тергеп-тексеруді аяқтады.  

Тергеуші 14 қылмыс жасалғаны туралы мәлімет қолында болғанына қарамастан, оларды қасақана тіркемей, қылмыстық құқықбұзушылықтарды есепке алудың белгіленген тәртібін бұзғаны анықталған.

"Жүргізілген кешенді тергеу әрекеттері айыпталушының құқыққа қарсы әрекетін растады. Күдіктінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 433-бабы 2-бөлігі бойынша сараланды. Сот үкімімен бұрынғы тергеуші кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте 3 жыл мерзімге қызмет атқаруға тыйым салынды. Оның 2 жылға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ, полиция лейтенанты арнаулы атағынан айырылды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апатынан кейін бірнеше лауазымды полицей қызметінен босатылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!