- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы полициясы тыныштықты...
Алматы полициясы тыныштықты бұзған мопед жүргізушілерін ұстады
Алматы полициясы тыныштықты бұзған мопед жүргізушілерін ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы полицейлері көліктерге шу шығаратын дыбысты басатын құрылғыларды қолданбауды ескертеді. Алматыда тікелей ағыны бар көліктер мен дыбыс өшіргіштерге орнатылған резонаторлардың жұмысын бақылау күшейтілді.
"Бұл көлік құралдарының қозғалысы әдетте әрқашан гуілмен, шумен және азаматтардың тыныштығын бұзатын басқа да дыбыстармен бірге жүреді. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай бұзушылықтарды көбінесе мопед және мотоцикл жүргізушілері жасайды және олар түнде белсенді болады. Ең көп зардап шегетіндер үйлері қаланың ірі магистральдарына жақын орналасқан аудан тұрғындары.
Осыған орай алдыңғы шептегі бөлімшелердің жеке құрамы көліктің осы түрін анықтап, ұстауға, заңнамаға сәйкес шаралар қабылдауға жұмылдырылған", – деді әкімшілік полиция бсқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Сонымен қатар мұндай жағдайларда тыныштықты бұзғаны үшін санкциялар қолданылады. Бұл рейдтік іс-шаралар тұрақты негізде жалғасады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина