Алматы полициясы шетелдіктерді Қазақстанға шақыратын компанияларды тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атап айтқанда, мәселе туристік визамен Африка құрлығындағы елдерден шетелдіктерді шақырып, олардың дер кезінде кетуіне тиісті шаралар қолданбаған компаниялар туралы болып отыр.
"Кейінгі аптада шетелдіктердің осы санатына шақыру жіберген және шетелдіктердің ҚР-да болу немесе ҚР-нан белгілі бір мерзімнен кейін кетуі туралы құжаттарды рәсімдеу шараларын қолданбаған немесе келіп жатқандар туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабардар етпегені үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған 6 заңды тұлға анықталды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл компаниялардан алдағы 12 ай ішінде Қазақстанға шетелдіктердің келуіне шақырулар қабылданбайтын заңды тұлғалардың тізіміне енгізілген", - деді Алматы полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының басшысы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.
Сондай-ақ сенімсіз компанияларға қатысты қалалық туризм Басқармасына туристік оператор қызметін лицензиясынан айыру немесе тоқтату мәселесін қарау үшін хат жолданды.
Сонымен қатар қазіргі уақытта аталған компаниялардың біріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы – Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру қылмысы бойынша қылмыстық іс қозғалатынын айта кетейік.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!