Алматы полициясы ірі көлемдегі төленбеген айыппұлдары бар жүргізушілерді ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жыл басынан бері жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімшелері патрульдік полиция полкі мен мамандандырылған батальон қызметкерлерінің көмегімен 200-ге жуық көлік тоқтатылып, мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды.
Бұл көліктердің жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жалпы соммасы 125 миллион 940 мың теңге көлемінде айыппұлдары бар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!