6 қыркүйекте Алматының орталық стадионында өтетін Қазақстан мен Норвегия арасындағы Ұлттар лигасы матчы қарсаңында полиция департаменті қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамы қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция күштері спорт нысаны мен оған шектес аумақтарда да тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
"Бірінші кезекте қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына кептелістерді болдырмау мақсатында Абай даңғылы, Байтұрсынов, Сәтбаев, Байзақов, Құрманғазы көшелерінде жол қозғалысы жартылай шектелетінін хабарлаймыз. Осыған орай, азаматтарды алдын ала бағдарын реттеп, көліктерін тек арнайы белгіленген орындарға қойып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, қоғамдық көлікті пайдалануға шақырамыз. Сонымен қатар футбол матчына билеттерді алаяқтардан сақтану мақсатында тек ресми сауда орындарынан сатып алу керектігін еске саламыз", - деді Алматы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!