Жаңа жыл қарсаңында Алматы полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мереке күндері Алматыда қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, адам көп жиналатын орындарда, қала көшелерінде және тұрғын алаптарда полиция жасақтары мен патрульдік экипаждардың саны артқан.
"Алматы полициясы күшейтілген қызмет атқару режиміне көшті. Қызметкерлеріміз көшелерде, қоғамдық орындарда және жолдарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қала тұрғындары мен қонақтары мерекені тыныш әрі қауіпсіз өткізуі үшін тәулік бойы қызмет етеді", - деді Серік Шумаев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова