- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы полициясы көлігінде...
Алматы полициясы көлігінде "от жаққан" жүргізушіні ұстады
Алматы полициясы көлігінде "от жаққан" жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көлікті 1955 жылы туған Л.есімді азамат айдаған.
"Көлік құралын пайдалану ережелерін бұзған жүргізушіні анықтауға бағытталған тексеру шаралары аясында Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 7-бөлігі бойынша материал жинақталды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Нақтырақ айтсақ, бұл жолы автокөлік жүргізушісі салонның ортасына ашық отты пеш жасап, екі жағына газ баллондарын орналастырған. Мұндай көлікті басқару – ең алдымен, оның иесіне, жолаушыларға және басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретіні анық", – деді Алматы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан