Алматы полициясы ҚазҰУ маңында төбелескендердің бәрін ұстады

Алматы полициясы ҚазҰУ маңында төбелескендердің бәрін ұстады
Фото: Midjourney нейрожелісі

Алматы полиция департаменті әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті маңында болған жаппай төбелеске қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, Бостандық аудандық полиция басқармасы 20 адамға қатысты бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Қақтығысқа қатысушылардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Еске салайық, мұның алдында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаппай төбелес болғаны туралы хабар тараған еді.

Кейінірек оқу орны оқиғаға қатысты түсінік берді. Университеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, төбелескендер арасында тек ҚазҰУ студенттері емес, сонымен қатар қала жастары да болған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан