Алматы полициясы қазақстандық әнші ARO-ның қамауға алынуына қатысты түсінік берді

Алматы полициясы қазақстандық әнші ARO-ның қамауға алынуына қатысты түсінік берді
Фото: instagram.com/seitjapp.aro.ff

Алматы полициясы қазақстандық әнші ARO-ның қамауға алынуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, 2024 жылғы 2 желтоқсанда 21:57-де Шаляпин көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері "Тойота" автокөлігін тоқтатқан, оның жүргізушісі медициналық сараптама нәтижесі бойынша есірткілік масаң күйде болған.

"Тергеу барысында "Тойота" автокөлігінің иесі 1999 жылы туған С. есімді азаматтың өз көлігін басқаруды есірткілік мас күйінде болған адамға тапсырғандығы белгілі болды. Оның әрекеті ҚР ӘҚбК-нің 608-бабы 6-бөлігімен квалификацияланған. Ал жүргізушінің әрекеті - ҚРҚБҚ 608-бабының 1-бөлігі", - делінген хабарламада.

Ведомство сот шешімімен екі азамат та әкімшілік қамауға алынғанын хабарлады. Сондай-ақ жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Еске салайық, бұған дейін ARO лақап атымен танылған қазақстандық әнші Арман Көмекұлы 15 тәулікке қамауға алынғанын хабарлаған едік.

Әнші сотқа апелляция беру үшін адвокат іздейтінін мәлімдеді.

Алайда кейінірек бұл видеожазбасын өшіріп тастады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан