Алматы полициясы жүргізушілерге маңызды ескерту жасады

Алматы полициясы жүргізушілерге маңызды ескерту жасады
Фото: depositphotos.com

Күннің суып, ауа райының қолайсыздануына байланысты Алматы полициясы жүргізушілерді көліктерін қысқы маусымға алдын ала дайындауға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция өкілдері қыс түспей тұрып көлік дөңгелектерін ауыстырып, тежегішін, аккумуляторын, жарық шамдарын және басқа да маңызды бөлшектерін тексеріп алуға кеңес берді.

"Қыста жолда абай болу керек. Көктайғақта, қар жауғанда немесе айнала дұрыс көрінбеген кезде болмашы қателіктің өзі үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан жылдамдықты асырмай, алдағы көлікпен арақашықтықты сақтаған жөн. Жүргізушілерге көліктерін қысқа дайындауды кейінге қалдырмай, дөңгелектерін дер кезінде ауыстырып, барлық негізгі бөлшектерінің дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізуге кеңес береміз", - деп атап өтті Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

Тәртіп сақшылары қыста жолдың жай-күйіне қарай жылдамдықты азайтып, өзге көліктермен арақашықтықты сақтаудың маңызды екенін еске салды.

Сондай-ақ, рөлді күрт бұрмауға, кенет тежемеуге және жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда барынша сақ болуға шақырды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget