Алматы полициясы "жол хайпын" ұнататындарға үндеу жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаланың Полиция департаменті мәліметінше, былтыр Алматы жолдарында 6 785 жол апаты тіркеліп, салдарынан 105 адам қаза тауып, 7 370 адам жарақат алған.
Полицейлердің айтуынша, жол апаттарының көпшілігі ереже бұзудан ғана емес, кейбіреулердің әлеуметтік желілерде мақтанғысы келетін әрекетінен болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Кейінгі кездері үрей туғызатын тенденция байқалып отыр: кейбір жүргізушілер әлеуметтік желілерде хайп пен өздеріне назар аудартуды көздеп, жол ережесін әдейі бұзады. Бұл іс-әрекет барлық жол қозғалысына қатысушы үшін қауіп тудырады. Жол ережесін бұзу әзіл емес екенін еске саламыз. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік бар және барлық құқықбұзушы заңның қатаң тәртібімен жауапқа тартылады" - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова