Алматы полициясы маңызды мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қалалық полициясы балаларға қатысты жол апаты көбейгенін айтып, дабыл қағып отыр. Өкінішке қарай, кей кезде мұндай оқиғалар қайғылы жағдаймен аяқталады.
"Бізді балалардың жол бойында ересектердің қарауынсыз қалып қоятыны және жол қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларын білмейтіні алаңдатады. Бұл - ата-аналар мен заңды өкілдерінің немқұрайлығы мен салғырттығының салдары. Балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз! Баланың қауіпсіздігі - сіздің тікелей жауапкершілігіңіз!" – деді Алматы қалалық ПД анықтау басқармасының бастығы Ержан Шайхиев.
Сондай-ақ, полиция ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілік енді ата-аналар мен заңды өкілдерге жүктелетінін еске салды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова