Алматы полициясы 9 мыңнан аса самокат айып тұрағында тұрғанын көрсетті

1 шілдеден бастап Қазақстанда самокат тізгіндейтіндерге жаңа талаптар енгізілді, оларды бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ал 25 тамыздан бастап кикшеринг компанияларына қойылатын талаптар күшейтілді. Осылайша, самокаттарды сәйкестендіру, сақтандыру, тұраққа қою тәртібі және басқаруға рұқсат беру талаптары нақты айқындалды.

Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазір айып тұрағында түрлі кикшеринг компанияларының 9 мыңнан аса самокаты тұр.

"Көлік техникалық жағынан жарамды болуға тиіс және оның тіркеу нөмірі қажет. Оған кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі бар адамдар ғана қол жеткізе алуы керек", - деді Салтанат Әзірбек.

Еске салайық, елімізде заң бойынша электрсамокатпен тротуар, жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!