Алматы полициясы 3 тұрғынға ұрланған көліктерін қайтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жәбірленушілердің бірі әлеуметтік желі арқылы полицейлерге алғысын білдірген.
"Менің ұрланған көлігімді іздеуге қатысқан барлық қызметкерлерге алғысымды білдіремін", - деді көлік иесі.
Криминалдық полицияның мәліметінше, 33 жастағы ер адам үш ұрлыққа және екі пәтерді тонаған деген күдікпен ұсталды.
"Үш шетелдік автокөлік табылып, өз иелеріне қайтарылды. Күдіктінің екі пәтер тонауға қатысы бар екендігі белгілі болды: ұрлық жасамас бұрын ол бөтен адамдардың үйіне кіріп, көліктің кілтін ұрлап, кетіп қалған. Күдікті қазір қамауда. Оның жеке басы басқа да ықтимал эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр", - дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!