Алматы полициясы 2-қабаттан секіріп кеткен қыздың ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
️Алматы қалалық ПД мәліметінше, 2-қабаттың терезесінен секіріп кеткен қыз бойынша өз-өзіне қол жұмсау дерегіне сәйкес, қылмыстық іс тоқтатылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
Тергеу Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жалғасып жатыр, яғни 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" және 194-бабы "Бопсалау".
Тергеу барысында оқиғаға қатысы барлар мен куәгерлері анықталды. Басты күдікті белгілі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!