Алматы полиция департаментіндегі тексерістен кейін бірқатар басшы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы қылмыстық істер бойынша тәркіленген қару-жарақ ұрлығына қатысты жүргізілген қызметтік тексеру қорытындысы бойынша тәртіптік комиссияның ұсынысына сәйкес, министрдің бұйрығымен Алматы полиция департаменті қызметінің бірқатар басшысы қызметінен босатылды.
Сонымен қатар қалалық департаменттің жоғары лауазымды қызметкерлері де жұмыстан шығарылды.
Алайда ведомство нақты кімдердің қызметінен босатылғанын нақтылап айтпады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!