- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы полиция бастығының...
Алматы полиция бастығының атын жамылған алаяқтар жұртты алдап жатыр
Алаяқтар Алматы полиция бастығының атынан жалған хабарламалар таратып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
What’sApp және Telegram мессенджерінде белгісіз біреулер өз профиліне Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың суретін қойып, азаматтармен хат алмасып, алаяқтық әрекеттерге бармақ болған.
"Whatsapp және Telegram мессенджерлерінде аккаунт ашып, суретіне мемлекеттік мекеме немесе жеке ұйым басшысының суретін қойып, "ҚР ҰҚК-нен тексеріс" келіп жатыр деп, қол астындағы қызметкерлерге ақшаны жедел түрде әртүрлі үшінші тұлғалардың шотына жіберу қажет екенін жазатын жағдай жиілеп кетті. Сондықтан азаматтарға күдіктілердің арандатуына бой алдырмай, мұндай хабарламалар келген кезде оқиға туралы бірінші кезекте өзінің тікелей басшысына хабарлауы өте маңызды", - деді Алматы полиция департаменті өкілі.
Осыған байланысты Алматы полициясы азаматтарға сақ және қырағы болуға кеңес береді. Мұндай жағдайларда диалогты тоқтатып, полицияға хабарлау қажет.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова