14 қаңтар мен 6 наурыз аралығында Алматы-2 - Петропавл бағытындағы №105/106 "Тальго" пойызының құрамы рейстер жиілігін азайтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тальгоның жөндеу жұмыстарына байланысты 2023 жылдың 14 қаңтарынан 6 наурызына дейінгі кезеңде қозғалыс жиілігі (екі күн сайын) екі есеге қысқарады.
Пойыздың жүру жиілігі:
- Қаңтарда Алматыдан тақ күндері бойынша, ақпан/наурызда - жұп күндері бойыншаі;
- Қаңтарда Петропавлдан жұп күндерде, ақпан/наурызда - тақ күндер бойынша жүреді.
"Теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес, бұған дейін тоқтатылған рейстерге жол жүру құжатын рәсімдеген жолаушылардың билет құны толығымен қайтарылады", - деп хабарлады ведомстводан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!