Алматы - Петропавл пойызында қызды зорламақ болған ер адам ұсталды

Алматы - Петропавл пойызында қызды зорламақ болған ер адам ұсталды
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

6637 әскери бөлімінің әскери қызметкері майор Еркін Жантурин жолаушылар пойызында қызды зорлауды жоспарлаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

10 ақпанда сағат 18:00 шамасында Алматы - Петропавл бағыты бойынша жолаушылар пойызында кезекті іс-сапардан оралған майор Еркін Жантурин көршілес купеден көмекке шақырған қыздың айғайын естіді. Дыбыс шыққан купеге жақындағанда, біреудің купе ішінде есікті әдейілеп жауып тұрғанын байқайды. Есікті күшпен ашқанда, бұрышта үрейленіп отырған қызды көреді. Ол қыз баланы зорлауға тырысқан.

Офицер ер адамды ұстап алады . Ал қыздың айтуы бойынша, онымен бірге бір купеде келе жатқан ер адам оның танысы емес екен. "Сарышаған" станциясындағы аялдамадан оны полиция қызметкерлеріне тапсырды.

"Оқиға кешкі уақытта болды. Мейрамхана вагонынан кешкі ас ішкеннен кейін купеге келіп, тынығайын деп жатқаным сол еді, жас қыздың көмек сұрап, айғайлаған дауысын естідім. Купеге кірген кезде ер адамның қызды зорлауға тырысып жатқанын байқадым және оны дереу ұстадым", - деді майор Еркін Жантурин.

Қарағанды облысының 36 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан