- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы – Петропавл...
Алматы – Петропавл бағытындағы жолаушылар пойызы 16 минут тоқтауға мәжбүр болды
Пойыздың тоқтату кранын жұлып алған Қостанай облысының мас жолаушысы айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Астана станциясындағы желілік полиция басқармасына елордаға жақындаған кезде тоқтату кранын қолдануына байланысты "Алматы – Петропавл" бағытындағы жолаушылар пойызы шұғыл тоқтағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Пойыз 16 минут тоқтап қалған. Тексеру барысында көлік полицейлері заңсыз әрекет жасаған жолаушыны анықтады. Ол Қостанай облысының 36 жастағы тұрғыны болып шықты. Сонымен қатар тәртіп сақшылары жоғарыда аталған азамат масаң күйде болып, тоқтату кранын қажетсіз жұлып алғанын анықтады.
Құқық бұзушы акт бойынша пойыздан түсіріліп, оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Тоқтату краны тек ерекше жағдайларда ғана қолданылады, яғни вагонда жолаушылардың өміріне немесе қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулық пайда болған кезде, пойыз көпірде немесе көпірдің астында және жолаушыларды эвакуациялауға жол берілмейтін басқа да жерлерде тұрып қалған жағдайды есептемегенде, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан