2024 жылы қаңтардың 25-нен бастап China Southern Airlines Алматы-Пекин бағыты бойынша тұрақты қатынайтын болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әуе компаниясының 650-ден астам әуе кемесі бар (A319/320/321/330/350, B737/777/787, ARJ21, C919) және Қытайдағы және бүкіл әлемдегі 230-дан астам қалаларға ұшады. Рейстер жаңа "Бейжің Дасин халықаралық әуежайынан" аптасына 3 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі және сенбі) Airbus-A320 типті әуе кемелерінде орындалады", - делінген Азаматтық авиация таратқан ақпаратта.
"Бейжің Дасин халықаралық әуежайы" – Қытай астанасы Бейжіңнің Дасин ауданында орналасқан әлемдегі ең ірі әуежайлардың бірі. Бейжің қаласының орталығы 46 км қашықтықта орналасқан. 2019 жылдың 25 қыркүйегінде ашылды. Әуежайда 4 ұшу-қону жолағы бар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!