Алматы - Өскемен тасжолының құрылысында 46 тонна асфальт ұрланған. Бұл туралы Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл істі Көксу аудандық ішкі істер департаментінің тергеушілері тергеп жатыр. Полициядағылардың айтуынша, күдіктілердің арасында екі жүк көлігінің жүргізушілері бар, олар автожолдың құрылыс жұмыстарына тартылған. Ұсталғандар 46 тонна асфальтты ұрлап кеткен болуы мүмкін, келген шығынның сомасы - 462 890 теңге. Оқиға тамыз айында болған.
Өңірдегі полицейлердің айтуынша, күдіктілер асфальтты Текеліде сатып жіберген. Ұсталған екі күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
"Соталды тергеудің барысында полиция күдіктілердің бірнеше рет осындай қылмысқа барған болуы мүмкін екендігін тексеруге мүдделі", - деп хабарлады баспасөз өкілдері.