Жетісу полицейлері Алматы-Өскемен автожолындағы кейбір учаскелердің жабылғанын ескертті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Талдықорғаннан шығыс бағытта дизель отынын пайдаланатын автокөлік құралдары үшін қозғалыс шектелген.
Бұдан әрі 410-шақырымға дейін көлік қозғалысы барлық автокөлік түрлері үшін жабық.
"Сондай-ақ, температураның төмендеуі және екпінді жел Алакөл ауданы арқылы Абай облысына қарай өтетін учаскедегі автомобильдердің қозғалысын шектеуге мәжбүр етті", - дейді Жетiсу облысы Полиция департаменті Жол полициясы басқармасының бастығы Қайсар Мұхметов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!