Алматы - Өскемен тасжолында жүк көлігі аударылып қалды

Алматы - Өскемен тасжолында екпіні күшті желден жүк көлігі аударылып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, оқиға 2024 жылдың 26 желтоқсан күні шамамен сағат 16:00-де Алматы - Өскемен автожолының 939-шақырымында болған.

Екпіні күшті желдің салдарынан Mersedes Benz маркалы жүк көлігі аударылды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ.

Полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларға ескерту жасады

  • Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыз;
  • Қатты жел немесе жол нашар көрініп тұрғанда жылдамдықты төмендетіңіз және мүмкіндігінше ұзақ сапардан аулақ болыңыз.

Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында 20 тонна сыра тасымалдаған фура аударылып қалғанын жазған едік.

Астана - Петропавл тасжолының 436-шақырымында Ленинское ауылы маңында Volvo жүк көлігін жүргізіп келе жатқан 63 жастағы қырғызстандық рөлге ие бола алмай жол шетіне шығып кетті. Зардап шеккендер жоқ, жүк көлігіне механикалық зақымдар келген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!