Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апаты: бір адам қаза тапты

Фото: видео кадры

Алматы облысы Қонаев терминалы ауданындағы тасжолда бір адамның өмірін қиған жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Chevrolet Cobalt жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының 25-шақырымында рөлді басқара алмай, бетон қоршауға соғылып, содан кейін инерция бойынша алдында тұрған Hyundai Sonata автокөлігімен соқтығысқан.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet cobalt жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болған. Жол апаты дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Тергеу жалғасып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә