- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы - Өскемен...
Алматы - Өскемен тасжолында әйел мен бала қайтыс болды
Жол-көлік оқиғасы 24 сәуірде Жетісу облысы Көксу ауданында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы-Өскемен автожолының 190-шақырымында Subaru Legacy көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, автокөліктің аударылуына жол берді. Жол апатында әйел адам мен бала мерт болды. Әртүрлі жарақатымен тағы 4 адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Ауруханаға жатқызылғандардың арасында үш кәмелетке толмаған бала бар. Оқиға орнында полицейлер жұмысты жалғастырып, жол апаты мән-жайын анықтап жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан