Бүгін, 3 қазанда таңғы сағат 06:40 шамасында Алматы – Өскемен тасжолының 962-шақырымында, Жаңа Өзен ауылының маңында жол апаты болды. Hyundai автокөлігінің 80 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері жетіп, зардап шеккендерге жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Жүргізуші мен оның жолаушысы Жарма аудандық ауруханасына жеткізілді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!