Оқиға FlyArystan әуекомпаниясының №7169 рейсінің бортында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Vecher.kz-ке" сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бала диспансерлік есепте тұр. Тыныс алуы мен жүрек соғысы тоқтап қалған бала Алматы - Орал бағыты бойынша жүрген рейсте еді.
"Жолаушы ретінде ұшақ бортында болған облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігері баланың жағдайын және алғашқы реанимациялық көмекті дереу бағалаған. Медициналық қолдау көрсетілді. Баланың жағдайы тұрақталды", - деп мәлімдеді ведомствода.
Ал Орал әуежайында баланы жедел жәрдем бригадасы күтіп тұрды.
Тағы да оқи отырыңыздар: Сағызды неге 10 минуттан артық шайнауға болмайды?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз