Алматы-2 – Орал бағытындағы N51 "Тальго" жолаушылар пойызы техникалық ақауға байланысты сағат 20:35-тен 02:13-ке дейін Тобылда тоқтап тұрды. Қазір ол Оралға жол тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ақау жойылғаннан кейін сағат 02:13-те "Тобылә стансасынан Оралға 6 сағат 05 сағат кешігіп пойыз жөнелтілді. Орал станциясына 6 сағат кешігіп келуі мүмкін. Пойыз тоқтаған кезде жолаушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, компания келтірілген қолайсыздық үшін жолаушылардан кешірім сұрайтынын айтты.
"Қазақстан Республикасының аумағында теміржол көлігімен жолаушыларды жүгімен тасымалдау қағидаларына сәйкес ақшаны қайтару және жолаушыларға өтемақы төлеу шаралары қолданылатынын хабарлайды", - деп атап өтті ұйым.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!