• 506.25
  • 490.7
  • 5.27

Алматы облысының тұрғынынан аса ірі көлемде героин тәркіленді

Алматы облысының тұрғынынан аса ірі көлемде героин тәркіленді
Фото: polisia.kz

Есікте полицейлер есірткі заттарын заңсыз сатумен айналысты деген күдікке ілінген 52 жастағы тұрғынды анықтады. Күдікті тұрғылықты мекенжайында ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тінту барысында күдіктіден "Тропикамид” препараты табылып, үй ауласындағы қорадан ақ түсті ұнтақ зат тәркіленді. Сараптама нәтижесі тәркіленген зат 156 грамм героин екенін растады.

Сонымен қатар медициналық тексеру күдіктіні ұстау кезінде есірткілік мас күйде болғанын анықтады. Сатуға арналған есірткілердің мөлшері 350-ден астам дозаға тең, қара нарықтағы жалпы құны 7 миллион теңгеден асады. 

Қазіргі уақытта есірткі заттарын заңсыз сату фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лес