- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- есірткі туралы
Алматы облысының тұрғыны үйінде есірткі өсімдіктерін өсірген
Фото: Видео кадры
Алматы облысының тұрғынынан екі келіден аса каннабис пен заңсыз сақталған қару тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қонаев қаласында 43 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
Күдіктінің үйін тінту барысында екі келіден аса салмақтағы есірткі құрамдас өсімдіктер тәркіленді. Сараптама бұл заттардың каннабис екенін растады. Сонымен қатар заңсыз сақталған шолақ аңшы мылтығы табылды.
"Есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсіру және қару сақтау деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Алматы облыстық ПД өкілі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова