Шу станциясында пойызбен Алматыға 12 келі есірткі жеткізбек болған Алматы облысының тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, биыл 10 қаңтарында Шу станциясында теміржол вокзалының перронынан тыйым салынған затты арнайы ит тауып алған.
"Алматы облысының 30 жастағы тұрғыны ұсталып, оның сөмкесінен жалпы салмағы 12 келі 480 грамм "марихуана" есірткі заты табылып, тәркіленді. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі, яғни есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады", - деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев.
Күдікті Шу ауданында жабайы қарасора жинап, оларды Алматыға пойызбен тасымалдауды жоспарлағаны анықталды.
"Қазір ұсталған ер адам полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция полковнигі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!