- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысының тұрғындары...
Алматы облысының тұрғындары тасжолды жауып тастады
Алматы облысының тұрғындары "Алматы-Бішкек" тасжолын жауып тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
20 маусымда Асыл арман тұрғын үй кешенінің тұғындары Алматы-Бішкек тасжолын жауып тастаған. Оған себеп - ауызсудың өшірілуі. Тұрғындар үш күннен бері сусыз отыр. Тұрғын үйде ыстық су да, суық су да жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қарасай ауданы әкімдігінің мәліметінше, техникалық ақау салдарынан "Асыл арман" тұрғын үй кешеніне (Іргелі ауылы) суық су берудің уақытша тоқтатылуына байланысты тұрғындардың жиыны өтті.
Оқиға орнына аудан әкімдігінің өкілдері мен полиция қызметкерлері келген. Тұрғындар келіссөздер нәтижесінде жолды жабудан бас тартқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазір апат орнында мамандар жабдықты қайта бағдарламалау жүйесін аяқтады. Сонымен қатар, қуаттылығы жоғары су сорғысы ауыстырылды. Бүгін сағат 18.00-ге дейін су беруді қалпына келтіру жоспарланып отыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина