Сейсмологтар Алматыдан 111 шақырым қашықта жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі 8 маусымда Астана уақытымен сағат 21:55-те жер сілкінісін тіркеген.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 111 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Тереңдігі - 5 шақырым", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство мәліметінше, жерасты дүмпуі Алматы облысында сезілген. Саты ауылында оның қарқыны 2,5 балл, Жалағаш ауылында 2 балл болған.
Алматы облысы ТЖД-да "Қауырт желісі" (8 (727) 722-60-97) ашылған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова