Алматы облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді

Алматы облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді
Фото: depositphotos.com

Алматы облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сейсмикалық станциялар желісі 19 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 14:09-да жер сілкінісін тіркеген.

"Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасы аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 311 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.

Жер сілкінісі былай сезілген:

  • Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылы - 3 балл, 66 шақырым;
  • Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылы - 3 балл, 137 шақырым;
  • Алматы облысы Кеген ауданы Жалағаш ауылы - 2 балл, 176 шақырым;
  • Алматы облысы Кеген ауданы Саты ауылы - 2 балл, 193 шақырым;
  • Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Көкпек ауылы - 2 балл, 201 шақырым;
  • Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы - 2 балл, 224 шақырым;
  • Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы - 2 балл, 238 шақырым;
  • Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ж.Қайыпова ауылы - 2 балл, 266 шақырым;
  • Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Маловодное ауылы - 2 балл, 268 шақырым;
  • Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылы - 2 балл, 269 шақырым.

Еске салайық, "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 17 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:09-да да жер сілкінісін тіркеген еді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget