Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тауда көшкін жүруі мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы облысы тауларында 1-5 ақпан аралығында көшкін қаупі сақталады. Азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкіні туындауы мүмкін болғандықтан, қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ, таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын сақтауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, Алматы облысы аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 48 көшкін қаупі бар учаске бар. Қар көшкіні жүруі температура жоғарылауына және жаңбыр, қар түрінде мол жауын-шашын жауғанына байланысты болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!